• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2017

Солтүстік Қазақстанда  теріс резусты донорлар кеміп барады

182 рет
көрсетілді

Қан орталығының мамандары теріс  резусты тұрғындардың азайып бара жатқанына алаңдап отыр.

Жыл басынан бері  үшмыңға жуық адам донор болса, олардың  төрттен бірі алғаш рет қан тапсырыпты. Мұнда  күніне шамамен 40-қа тарта петропавлдық келетін көрінеді.  Алайда, дәрігерлер  соңғы уақыта өңірде оң резусты қан берушілер қатарының көбейіп, ал теріс резусты жандардың саны күрт азайғанын алға  тартады.

 – Теріс резусты қан тапсырушылардың үлесі бар-болғаны 7-10 пайызды ғана құрайды. Қазір бұл топқа жататын адамдардың санын артыру мақсатында жұмыс жасап жатырмыз, - дейді  қан орталығы донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Динара Қлуова.

Теріс резусты қан қорын көбейту үшін орталыққа 2 ай сайын тұрақты  донорлар шақырылып тұрады. Солардың  бірі - Владислав Малеев үш жылдан бері қан тапсырып жүр. Дәрігерлердің өтінішін жерде қалдырған емес. Оның қаны үшінші  теріс резусты топқа жатады. Ол донор болу әр адамның парызы деп түсінеді.

Мамандардың айтуларынша қан тапсыру донордың денсаулығына өте пайдалы. Түрлі ауруларға сирек шалдығады. Донордан бір мәрте  450 миллиграмм қан алынып, 2 күнге жұмыстан босатылады. 567 теңге төленеді.

Өмір  Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.